Ректор блогы

Халықаралық білім беру корпорациясы сайтының құрметті қонақтары, мен Сіздерді өз блогымның парақшасында көргеніме қуаныштымын!!!

Халықаралық білім беру корпорациясы (әрі қарай-ХБК) – бұл бұрыннан келе жатқан дәстүрлері бар және жоғары білікті педагогтар мен ғалымдар ұжымынан тұратын Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы мен Қазақ-Америка университетінің базасында құрылған біртұтас оқу-ғылыми-өндірістік кешен.

ХБК миссиясы – бұл білім беру, ғылым мен өндірісті интеграциялау негізінде ұлттық білім беру жүйесінде әлемдік үздік білім беру стандарттары мен технологияларын қалыптастыру және енгізу. Көшбасшылыққа бағдарланған және Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуына бағытталған өз ісінің мамандарын озық қарқынмен даярлау.

ХБК ұжымы мен білім алушылары кәсіби және академиялық адалдық, ашықтық және көшбасшылық, толеранттылық пен отансүйгіштік, қоғам мен мемлекет алдындағы жауапкершілік сияқты құндылықтарға сүйенеді.

Ректор блогы Сіздерге ХБК қызметіне қатысты өз пікірлеріңізді білдіруге және білім беру қызметтерінің сапасын, ғылыми-зерттеу әлеуетін, әкімшілік-басқарушылық шешімдерді арттыру бойынша өз ұсыныстарыңызды беруге көмектеседі деп сенемін.

Сонымен қатар, осы форматтағы байланыс бізге Сіздермен жылдам байланыс орнатуға, Сіздердің қажетті ақпаратты лезде алуларыңызға мүмкіндік береді.

Сіздердің тараптарыңыздан қойылған әрбір сұрақ мен ұсынысты назарымыздан тыс қалдырмай, мұқият қарастыратын боламыз!

Құрметпен,
ректор, т.ғ.д., профессор
Маргарита Булатқызы Имандосов