Рухани Жаңғыру жобалық орталығы

2018 жылдан бастап Халықаралық білім беру корпорациясында «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесі ашылды, оның мақсаты қоғамдық сананы рухани жаңғыртудың негізгі бағыттарын бөліп көрсету және насихаттау  .

Жобалық кеңсе  студенттердің рухани құндылықтарын жандандыруға бағытталған, қазіргі заманғы қауіп-қатерлер мен жаһанданудың барлық қиындықтарын ескере отырып, бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталған барлық факультеттердің жұмысын үйлестіреді. Түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, қазіргі еңбек нарығында сұраныстың болуына ықпал ететін шараларды жүзеге асыруға ерекше назар аударылады және барлық жаңа білім беру бағдарламалары осыған бағытталған. Факультеттер өз жұмысында жастарды тәрбиелеуден бастап дәрістер, практикалық сабақтар мен дипломдық жұмыстардың тақырыбына дейін ұлттық бірегейліктің сақталуына ерекше көңіл бөледі. Жеке басын дамыту семинарларынан бастап ерік-жігері мен жаңаға деген үнемі ұмтылыстың арқасында жетістікке қол жеткізген немесе өмір жолында туындаған қиындықтарды жеңген адамдармен кездесуге дейінгі білімді насхаттайтын ерекше іс-шаралар әзірленеді. Жобалық кеңсе белсенділік танытатын және әртүрлі қайырымдылық шараларын жүзеге асыратын, еріктілер қозғалысына қатысатын студент жастар комитетін жұмысқа тартады. Жобалық кеңсе өз жұмысына студенттердің рухын қолдайтын және «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында жоспарланған жобаларды жүзеге асыруға көмектесетін қалалық және республикалық ұйымдарды жұмысқа тартады. ХБК студенттері мен оқытушылары U38 университеттер Альянсының бастамалары мен жобаларын қолдайды және Алматы әкімдігі жүзеге асыратын қалалық шараларға белсенді қатысады.