2021-22 оқу жылының күзгі семестрінде оқу форматы туралы ақпарат

Құрметті білім алушылар!

2021-22 оқу жылының күзгі семестрінде оқу форматы туралы ақпарат

 

Коронавирустық инфекцияның таралу қаупіне байланысты алдын алу шаралары бойынша ҚР БҒМ 20.08.2021 жылғы шығыс №4-14-4/3281-И Нұсқау хатына және Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәргерінің 16.08.2021 жылғы №26 «Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес, Халықаралық білім беру корпорациясы мәлімдейді:

 

  1. Сабақ 2021 жылдың 1 қыркүйегінен басталады.
  2. 2021-22 оқу жылының күзгі семестрінде барлық курстардың және оқытудың барлық деңгейлерінің (мектеп, лицей, колледждер, бакалавриат, магистратура, докторантура) білім алушылары үшін аралас нысанда дәстүрлі форматта оқу процесі ұйымдастырылады.
  3. Дәрістік сабақтар мен СӨЖ өткізу үшін аралас нысанда оқу процесін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін техникалық құралдармен (Moodle, Microsoft Teams, ZOOM платформаларының негізінде қашықтықтан бейнеконференц-байланыс бағдарламаларын пайдаланумен және интернет-ресурстардың басқа да көздері негізінде) қашықтықтан (онлайн) оқу үшін өзіңізді қамтамасыз етуге тиіссіздер.
  4. ХБК аумағына, оқу корпустарына, кітапханаға және студенттер үйіне кірген кезде Ashyq қосымшасын міндетті түрде өздеріңіз және ата-аналарыңыз пайдалануы тиіс.
  5. Маска режимі және барлық аудиторияларда шектеу таңбаларына мұқият қарап қашықтық сақталуы тиіс.