Түлектер

2021 жылғы өзіндік үлгідегі дипломдардың нысаны

       Халықаралық білім беру корпорациясыhttps://kz.mok.edu.kz/rubric/517 /

       Международная образовательная корпорацияhttps://ru.mok.edu.kz/rubric/vipuskniki 

       International educational corporationhttps://en.mok.edu.kz/rubric/graduates

     Түлектердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету әр оқу орнының міндеті және жоо өз қызметінің нәтижелері үшін жауап беруі керек. Біздің жеке дипломдарымыз әлемдік тенденциялардың бірі болып табылады, олар әр университеттің кадрларды даярлау сапасына жауапкершілігін кепілдендіреді. 2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары өздерінің дипломдарын бере бастады.

     Халықаралық білім беру корпорациясында өз үлгісіндегі құжаттарды беру 2021 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің №277 бұйрығында және оның қосымшаларында көрсетілген білім беру туралы құжаттардың мазмұнына қойылатын барлық негізгі талаптарды ескере отырып ұйымдастырылған.

     Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттарында:

  1. ЖЖОКБҰ атауы;
  2. бітірушілердің тегі, аты, әкесінің аты;
  3. білім беру бағдарламасының (мамандықтың) кодын және атауы;
  4. берілетін дәреже;
  5. дәреже беру туралы аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасының күні мен нөмірі (бар болса);
  6. оқыту нысаны;
  7. ректордың, қорытынды аттестациялық комиссиясының төрағасының, факультет деканының қолдары;
  8. дипломның реттік тіркеу нөмірі;
  9. дипломның берілген күнін және орнын (қала);
  10. ЖЖОКБҰ мөрі бар.

     Аккредиттеу агенттігінің логотипі мен атауы «IQAA Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінің» өзіндік үлгідегі білім беру туралы құжаттарда орналастырылған, өйткені Халықаралық білім корпорациясы осы агенттіктің институционалдық аккредиттеуін алған, қосымшада сол агенттіктің логотип мамандандырылған аккредиттеуден өткен тиісті білім беру бағдарламасы / мамандығы үшін орналастырылған.

     Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың қорғаныш белгілері болады. Құжаттардың бірнеше қорғаныс дәрежесі бар, ол су белгілері бар арнайы қағазға басылады.

    Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттарда деректерді автоматты сәйкестендіру және жинау технологиясын және QR коды қолданылады. Әрбір дипломның ұлттық бірегей мәліметтер базасымен синхрондалған өзіндік бірегей сәйкестендіру нөмірі бар. Яғни, егер қажет болса, оның шынайылығын тез тексеруге болады. Мұны біздің түлектерді дипломымен қабылдайтын жұмыс беруші де жасай алады.

   Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттың әрбір түрі үшін серия мен реттік нөмірлеуді белгілейді.

     Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттың әр түрін нөмірлеу арнайы қызметті қолдану арқылы жасалды.

     Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттың нөмірлерін қалыптастыру Ұлттық білім беру базасына енгізілген білім алушылар туралы ақпарат негізінде жүзеге асырылады.

     Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мынадай сериялары бар:

  1. бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы диплом – BD;
  2. магистр дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом – MA;

     Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттар басып шығару құрылғыларының көмегімен толтырылды.

     Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың бланкілері мен қосымшалары мемлекеттік, ағылшын және орыс тілдерде толтырылды.

 

бакалавриат (үздік)

бакалавриат (стандарт)

магистратура

      

 

Шыққан жылы 2016ж. Халықаралық білім беру корпорациясы (ҚазБСҚА, ҚАУ).  жүктеу

Шыққан жылы 2017ж. Халықаралық білім беру корпорациясы (ҚазБСҚА, ҚАУ).  жүктеу

Шыққан жылы 2018ж. Халықаралық білім беру корпорациясы (ҚазБСҚА, ҚАУ). жүктеу

Шыққан жылы 2019ж.Халықаралық білім беру корпорациясы (ҚазБСҚА, ҚАУ).  жүктеу

Шыққан жылы 2020ж. Халықаралық білім беру корпорациясы (ҚазБСҚА, ҚАУ). жүктеу

Шыққан жылы 2021ж.Халықаралық білім беру корпорациясы (ҚазБСҚА, ҚАУ). жүктеу