Ғылым және инновациялар
Инновация және қосымша білім беру институты (ИҚББИ) Халықаралық білім беру корпорациясының құрылымдық бөлімі болып табылады. Институт сәулет-құрылыс саласын жаңарту барысында, сонымен қатар білім беру қызметінде қосымша білім беру бағдарламалары арқылы ғылыми қызмет көрсету мақсатында құрылған.
Инновация және қосымша білім беру институтына төмендегілер кіреді:
- Ғылыми орталық (ҒО):
- Сәулет-құрылыс саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыратын Республикалық орталық (СҚСКБАРО);
- Үздіксіз білім беру ИНСТИТУТЫ (ҮББИ);
- Инженерлік-техникалық қызметкерлерді аттестаттау орталығы (ИТҚАО);
- Autodesk сертификатталған орталық (СО);
-KNAUF оқу орталығы (ОО);
- Кәсіптік және дайындық курстар (КДК);
- Лингвоорталық.
ИҚББИ негізгі мақсаты болып келесілер табылады - сәулет-құрылыс саласында ғылыми, жобалық және ізденістік жұмыстарды атқару; қосымша білім беру бағдарламасын дайындау; біліктілікті арттыру және кадрларды қайта дайындау, яғни:
- сәулет-құрылыс саласындағы ЖОО және колледждердегі ПОҚ-ң біліктіліктілігін арттыру, сонымен қатар инженерлі-техникалық кадрларды қайта дайындауды ұйымдастыру және өткізу;
- сәулет-құрылыс саласындағы инженерлік-техникалық қызметкерлерді аттестаттау;
- жаңа кәсіптік білімге және дағдыға үйрету, тыңдармандардың жеке қажеттілігін қанағаттандыру және өзінің кәсіби дайындығын арттыру үшін.
Инновация және қосымша білім беру институты Қазақстан Республикасы бойынша сәулет-құрылыс саласында еңбек сіңірген басты оқу орын болып табылатын Университеттің кең материалды базасымен қамтылған.
Оқу барысында тыңдармандар зертханаларды, ХБК-ның кітапханасының бірден-бір бай материалдарын қолдана алады, келесі саладағы жүргізуші мамандардан кеңес ала алады: сәулет; дизайн; құрылыс технологиялары мен инженеринг. Жоғарыда аталғандар бойынша, тыңдармандар ең соңғы бағдарламалық өнімдермен және қазіргі жабдықтармен жабдықталған, ғылыми-зерттеу зертханаларында өздерінің дағдыларын кеңейтуге мүмкіндіктері бар.