ҒЗЖ
Халықаралық білім беру корпорациясының ғылыми зерттеу қызметі сәулет және дизайн, құрылыс, экономика, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға бағытталған. Бүгінгі таңда корпорация 60-тан астам бағытта зерттеулер жүргізеді. Олардың барлығы Халықаралық білім беру корпорациясының 2020-2030 жылдарға арналған индикативті - ұзақ мерзімді даму жоспарында қойылған міндеттерді шешуге бағытталған.
Индикативті - ұзақ мерзімді даму жоспарының «Ғылыми-зерттеу қызметі мен шығармашылық әлеуетті дамыту» стратегиялық бағыты аясында профессорлық-оқытушылар құрамының алдында келесі міндеттер тұр:
- ғылыми мектептердің қалыптасуы және олардың ұлттық және халықаралық деңгейде танылуы;
- жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік қызметін дамыту;
- ғылыми зерттеулердің материалдық-техникалық базасын қалыптастыру.
Индикативті - ұзақ мерзімді даму жоспарын жүзеге сәтті асыру үшін корпорацияда келесі бағыттар бойынша белсенді ғылыми – зерттеу жұмыстары жүргізу үстінде:
- Қазақстанның аймақтық ерекшеліктерін ескере отырып, елді мекендердің сәулеттік-кеңістіктік ортасын қалыптастыру;
- сәулет;
- Қазақстанның оңтүстік-шығыс қалалық тұрғын үйі;
- тұрғын ғимараттардың интерьері;
- интерьердегі жиһаз және жабдықтар;
- өнеркәсіптік дизайн бұйымдарының жүйелік кешені негізінде пәндік-кеңістік ортаны қалыптастыру;
- функционалды жайлылық өнеркәсіптік бұйымдарды жобалау жүйесі ретінде;
- қазіріг заманғы этнография дизайны;
- сән индустриясындағы дизайн біліміндегі мәселелер;
- дизайн теориясы саласындағы зерттеулер;
-құрастырмалы-жиылмалы және жиналмалы металл-тент ғимараттарының конструктивтікқ шешімдері, жұқа қабырғалы конструкциялардың кернеулік-деформациялық күйін зерттеу;
- серпінді көп қабатты тақталарды есептеу әдістерін жетілдіру;
-ғимараттардың, тірек қабырғалардың жер асты бөліктерін жобалау, топырақ массивтерінің еңістерінің және бөктерлерінің тұрақтылығын зерттеу және ғимараттардың негіздерін жобалау;
- шайып әкелінген топырақтағы негіздер мен іргетастардың оңтайлы нұсқаларын зерттеу және әзірлеу;
- ғимараттар мен имараттардың статикалық және динамикалық тұрақтылығы;
- дүлей апаттардың санын азайтудың халықаралық стратегиясы бойынша БҰҰ бағдарламасына қатысу;
- кеңістіктік конструкциялар мәселелері;
- ғимараттар мен имараттарды селден қорғау мәселелері;
- ғимараттар мен имараттарды зерттеу мәселелері және оларды күшейту мен қайта құру әдістері;
- темірбетон конструкциялардағы арматураның бетонмен ілінісу, қолоданыстағы ғимараттар мен имараттарды тексеру мәселелері;
- жер қазатын және жер қазып-тасымалдайтын машиналардың жұмыс органдарын жетілдіру бойынша зерттеулер;
- құрылыс машиналарының көп білікті қозғалғыш жүйелерінің тарту-тіреу қасиеттерін зерттеу;
- ЖГҚЖ қазіргі заманауи жүйелерінің инженерлік-экологиялық мақсаттарын шешу;
- өнеркәсіптік мекемелерді сумен жабдықтаудың экологиялық таза жүйелерін әзірлеу;
- су тарту кезінде және ғимараттардағы салмақты сорғылармен күресуде оңтайлы шешімдер;
- тұндырғыштарды гидравликалық есептеу тәсілдері;
- ЖГҚЖ қазіргі заманауи жүйелерінің инженерлік-экологиялық мәселелері;
- мақта-мата өнеркәсібінің ағынды суларын тазалаудың тиімді тәсілін қолдану;
- қарнақты ұңғымалық сорғының энергия үнемдеу жетегінің конструкциясын әзірлеу және құбырларда мұнай тасымалдау үшін турбулентікке қарсы присадкалар әзірлеу.
- жергілікті шикізат негізінде жоғары функционалды бетондарды әзірлеу;
- техногендік шикізатты пайдалана отырып түрлендірілген бетондар мен құрғақ құрылыс қоспалары;
- табиғи талшықтар негізіндегі жылу оқшаулағыш материалдар;
- тиімді импорт алмастырушы материалдар;
- бөлшектелген керамиканың қасиеттерін зерттеу және жасау;
- ағаш өңдеу және ауыл шаруашылығы қалдықтарынан экоқұрылыс материалдарын алу технологиясын кұру;
- жоғары толтырылған коррозияға қарсы қорғау жабындылары;
- мұнай өндірісінің қалдықтары негізінде жол жабындарын алу тәсілін әзірлеу;
- Алматы геодинамикалық полигонында геодезиялық мониторинг;
- жер беті объектілерінің мониторингі үшін ДДЗ қолдану;
- өндірістің әртүрлі салаларындағы техногендік және табиғи сипаттағы қауіпсіздік жағдайларын зерттеу;
- желілік құрылыстарды салу кезінде жергілікті жердің сандық моделін құру және дайындау әдісін жетілдіру.
- жаһандану жағдайындағы құрылыс саласының бәсекеге қабілеттілігі;
- құрылыс материалдарын өндіруде үнемді басқару