Тіркеуші кеңсе
Кеңсе өз қызметін ҚР "Білім туралы" Заңына, ЖОО қызметін ұйымдастыру Ережелеріне, ХБК регламенттеріне: білім алушыларды қабылдау, аттестаттау және шығару, оқу процесі мен тәжірибе, ҚР білім беру саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
ТІРКЕУШІ КЕҢСЕ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:
- Қабылдау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру;
- білім алушылардың дайындық сапасын бақылау;
- қорытынды бақылау жүргізуді ұйымдастыру және бақылау;
- білімнің кіріс кесіндісін ұйымдастыру және өткізу;
- бітіруді ұйымдастыру және өткізу (түлектердің қорытынды мемлекеттік аттестациялаудан өткізуді бақылау, оларға дипломдарды ресімдеу және тапсыру);
- білім алушылардың контингентінің қозғалысы;
- статистика және статистикалық есептілікті жүргізу.
ТІРКЕУШІ КЕҢСЕНІҢ НЕГІЗГІ ФУНКЦИЯЛАРЫ:
- арнайы (шығармашылық) емтихандар мен талапкерлердің кешенді тестілеуді ұйымдастыру және өткізу;
- қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ХБК-ға түсушілермен және қысқартылған мерзімде оқуға түсушілермен сұхбаттасуды ұйымдастыру және бақылау;
- білім алушыларды қабылдау, ауыстыру, қайта қабылдау туралы бұйрықтарды дайындау;
- ҚР жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес тестілеу жүйесін ұйымдастыру;
-бекітілген кесте бойынша білім алушылардың емтихандық сессияларын және білім алушылардың кіріс тестілерін өткізу үшін материалдар жинау және деректер банкін құру;
- білім алушылардың (бірінші курстан басқа), емтихан сессияларын, кіріс білім деңгейін ұйымдастыру, өткізу және қорытынды шығару;
- бақылаудың барлық түрлерінің қорытындысы бойынша профессорлық-оқытушылық құрамның жұмысын атап өту және жазалау жөнінде ұсыныстар дайындау;
- есептілік бланкілерінің есебін қатаң жүргізу (ID, дипломдар, академиялық анықтамалар);
- барлық факультеттер бойынша емтихан сессиясын өткізу. Сессия нәтижелерін және ағымдағы эдвайзерлердің жұмысын талдау үшін тиісті деканаттарға жіберу.
|